+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
10 наурыз, 2020

БОС ҚАЛҒАН ҚАҒБАНЫҢ КӨРІНІСІ ЖҮРЕКТЕРДІ СЫЗДАТТЫ

2020-жылдың 27-ақпанынан бастап Сауд Арабиясы Мекке мен Мәдинаның қасиетті екі мешіттерінде коронавирустан қорғау үшін құлшылық жасауды уақытша тоқтатып,  бірқатар төтенше шаралар қабылдады. Сауд Арабиясы шенеуніктерінің айтуынша, жаңа ережелерге мешіттерді кешкі және таңертеңгі намаздардың арасында жабылады. Меккедегі Сафа тауы мен Мәруа тауы, Зәм-Зәм құдықтары да уақытша жабылды.  Қазіргі уақытта Харам мешітінің ішкі жағында, Қағба маңының тауаф жасау аймағында санитарлық тазарту жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр. Ғаламторда жарияланған фотосуреттер мен видеоларда Қағба айналасындағы аумақтың толығымен бос екенін көруге болады. Бұл көрініс мұсылман қауымының жүректерін сыздатты.

 

Ұқсас видеолар