+7 700 100 12 46
+7 700 100 12 47
04 маусым, 2018

Тауаф

Тауаф – қажылықтың негізгі бөлігінің бірі. Ол әлКағбаны жеті рет айналатын салт дәстүр.

Тауаф – арабтың «айналу» деген сөзі. Қажылық кезінде қажы бұл әдет-ғұрыпты үш рет орындайды: Қажылықтың басында орындалатын тауафты - тауаф әл-құдым дейді, Құрбан айтының бірінші күні орындалатынды тауаф әл-ифада, ал қажы атанып, Меккемен қоштасып елге қайтар кезде орындайтынды тауаф әлуадағ дейді.

Тауаф әл-құдымның негізгі мақсаты – әл-Мәсжид әл-Хәрәм мен әл-Кағбаға сәлем беру, сондықтан оны кейде «тауаф әт-тәхия» «сәлем беру тауафы» деп те атайды. Тауаф әл-құдымды Меккеге келгеннен кейін кез-келген уақытта орындауға болады. Тауаф кезінде ихрам киімінің рида кесегін сол иыққа жауып алады. Оң иық ашық болуы тиіс.

Сонымен тауаф әл-құдым қасиетті Қара тасты сүюден, яғни тақбилден басталады. Ал егер қажылардың көптігінен Қара тасты сүю мүмкін болмаса, онда Қара тасқа қарап, алақандарды тигізуге ишарат қылып, сосын қолдарын еріндеріне тигізеді, оны «истиләм» дейді. Одан кейін былай деп айтады:

Оқылуы: Би-исми-л-лаһи уа аллаһу әкбәр, аллаһумма имәәнән бикә уа тасдииқан би-китәәбикә, уә уәфә-ән би-аһдикә уә иттибә-ан ли-сүннәти нәбийикә салла-ллаһу ғалейһи уә сәлләмә.

Мағынасы: Алла атымен, Алла - ұлы. Иә, Алла! Мен Саған иман келтірдім, кітабыңа сендім. Уәдеңе нандым, пайғамбарыңның (салла-л-лаһу ғалейһи уә сәлләмә) сүннет жолын ұстадым.

Қара тасты сүю, яғни тақбил рәсімі аяқталған соң, соның жанынан әл-Кағбаны айналу рәсімі басталады. әл-Кағбаны сағат тіліне қарсы айналады, Қара тас тауаф жасаушының сол жағында болады. Бір айналыс Қара тастан басталып, Қара таспен аяқталады. Әрбір айналымда әл-Кағбаның Йемен бұрышына келгенде, қажы «Аллаһу әкбәр» деп бұрышқа оң қолды тигізеді, бірақ бұрышты не қолды сүймейді. Егер Йемен бұрышына қол тигізу адамдардың көптігінен мүмкін болмаса, онда қажы бұрышты қолмен көрсетпейді, тәкбир айтылмайды.

Алғашқы үш айналысты тез жүру керек, бірақ жүгіруге болмайды. Мұндай шапшаң жүрісті рәмәл дейді. Қалған айналыстарды жай жүреді. Әйел қажы тауафты орындағанда әл-Кағбаны асықпай жеті рет айналады.

Тауаф кезінде қажы былай деп айтады:

Бірінші айналым

Оқылуы: Сүбхәнә-алла уә-л-хәмду ли-л-лә уә лә иләһә иллаалла уә аллаһу әкбәр, уә лә хәулә уә лә қууатә илла бил-ла ал-ғали-ил-ғазыым уә ас-салаату уә-с-сәләму ғали расули-л-ла сала-аллаһу ғалейһи уә сәлләм, аллаһумма имәәнә бикә уә тасдииқан би-китәәбикә уә уәфә ән биәһдикә уә иттибааған ли-сүннәти нәбийикә уә жейбикә Мүхәммәдин сала-аллаһу ғалейһи уә сәлләм. аллаһумма инни әсәлүкә ал-ғафуа уә ал-ғаафия уә-л-мұғаафатид-дәйімә фи-д-дин уә-д-дүнйә уә-л-ахирати уә-л-фаузә би-л-жәннәти уә-н-нажат минә-н-нәәр.

Мағынасы: Аллаға – мақтау! Аллаға – мадақ! Алладан басқа құдай жоқ. Алла – ең ұлы! Күш те, құдірет те тек биік әрі зор мәртебелі Аллада! Мұхаммед пайғамбарымызға (с.а.с.) Алла тағаланың шапағат нұры жаусын! Иә, Алла! Саған иман келтірдім, кітабыңа сендім және уәдеңе нандым, жүрегімізбен Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннет жолын ұстадым. Иә, Алла! Сенен кешірім сұраймын, жақсылығыңды бере гөр! Бұ дүние мен о дүниеде дінімізге нұрыңды төге бер! Жұмаққа кіргіз, Тозақтың отынан сақтай гөр!

Қағбаның Йемен бұрышы мен «Қара тас» бұрышы арасында оқылатын дұға:

Оқылуы: Рәббәнә әтинә фи-д-дүнйә хәсәнәтән уә фи-лахирати хәсәнәтән уа қина азаба-н-нәәр, уә удхулнә әлжәннәтә маға-л-әбрәри йа ғазиз йа ғаффар йа рәббә-лғааламиина.

Мағынасы: Жаратқан Иеміз! Бізді бұ дүниеден жақсылықпен өткіз, о дүниеде де жақсылығыңды бере гөр! Бізді тозақ отының азабынан сақтай гөр! («әл-Бақара» сүресінің 201-аяты)

Екі дүниені Жаратушы – құдіретті, кешірім жасаушы Алла! Бізді тақуалыларымен бірге жәннәтқа кіргізе гөр!


Екінші айналым


Оқылуы: Аллаһумма иннә һәзә-л-бейтә бейтукә, уә-л-хәрәмә хәрәмукә, уә-л-әмнә әмнукә уә-л-абду абдукә, уә әнә абдукә уә ибн абдукә, уә һәзә мақааму-л-ғаайізи бикә минә-н-нәәр, фәхәррим лүхуумәнә уә бәшәрәтәнә ғалан-нәәр, аллаһумма хәббиб илейнә-л-имаан уә зейинһү фи құлуубинә, уә кәрриһ илейнә-л-күфр уә-л-фусұұқ уә-лысйан уә ижғалнә минә-р-рәәшидиин, аллаһумма қини азаабәкә йәумә тәбғасү ғибәәдәкә, аллаһумма ырзықни әл-жәннәт би-ғейри хисәәб.

Мағынасы: О, Алла! Бұл үй – сенің үйің, Бұл хәрәм (кәпірлерге кіруге тыйым салынған жер) – сенің хәрәмің. Қауіпсіздік те сенен, тек саған ғана құлмыз, Мен сенің құлыңмын және құлыңның баласымын. Бұл – тозақ отынан құтқаруға Сенен пана сұраған мақам (Ибраһим пайғамбардың (ғ.с.) аяғы басқан жері). Тәнімізге тыйым сал, тозақ отына шалдырма. Иә, Алла! Бізді иманды қыл, иманды жүрегімізге ұялат. Кәпірлікті жексұрын қыл, жаман қылықтардан, бүлікшіліктен арылт. Салиқалылардың қатарына қос. Иә, Алла! Құлшылық еткендерді тексерген күні азабыңа ұшыратпа. Иә, Алла! Жәннәттың рызығын хисапсыз (мөлшерсіз) бере гөр!

Қағбаның Йемен бұрышы мен «Қара тас» бұрышы арасында оқылатын дұға:

Оқылуы: Рәббәнә әтинә фи-д-дүнйә хәсәнәтән уә фи-лахирати хәсәнәтән уа қина азаба-н-нәәр, уә удхулнә әлжәннәтә маға-л-әбрәри йа ғазиз йа ғаффар йа рәббә-лғааламиина.

Мағынасы: Жаратқан Иеміз! Бізді бұ дүниеден жақсылықпен өткіз, о дүниеде де жақсылығыңды бере гөр! Бізді тозақ отының азабынан сақтай гөр! Екі дүниені Жаратушы – құдіретті, кешірім жасаушы Алла! Бізді тақуалыларымен бірге жәннәтқа кіргізе гөр!


Үшінші айналым

Оқылуы: Аллаһумма инни ағуузу бикә-ш-шәк уә-ш-ширк уәш-шиқаақ уә-н-ныфаақ уә сүі-л-ахлаақ, уә сүйі-л-манзар уә-л-мұнқалиб фи-л-мәәл уә-л-әһл уә-л-уәләд, аллаһумма инни әсәлүкә рыдаака уә-л-жәннәтә, ағуузу бикә мин сахатыка уә-н-нәәр, аллаһумма инни ағуузу бикә мин фитнәти-л-қабр, уә ағуузу бикә мин фитнәти-л-мәхйа уә-л-мәмәәт.

Мағынасы: Иә, Алла! Мені күмән келтіруден, пұтқа табынудан, өркөкіректіктен, жаман қылықтардан ада қыла гөр. Ағайын-туысқандарыма, ұрпағыма, мал-мүлкіме сұқтана қарағаннан, бәле-жаладан сақтай ғөр. 30 Қажылық Иә, Алла! Сенен рақымшылығың мен жәннәтті сұраймын. Қаһарыңды төкпе, тозақтың отынан сақтай гөр. Иә, Алла! Мені қабырдың азабына ұшыратпа, өмірмен қоштасып, өлімге шақырған азғындықтан сақтай гөр.


Қағбаның Йемен бұрышы мен «Қара тас» бұрышы арасында оқылатын дұға:

Оқылуы: Рәббәнә әтинә фи-д-дүнйә хәсәнәтән уә фи-лахирати хәсәнәтән уа қина азаба-н-нәәр, уә удхулнә әлжәннәтә маға-л-әбрәри йа ғазиз йа ғаффар йа рәббә-лғааламиина.

Мағынасы: Жаратқан Иеміз! Бізді бұ дүниеден жақсылықпен өткіз, о дүниеде де жақсылығыңды бере гөр! Бізді тозақ отының азабынан сақтай гөр! Екі дүниені Жаратушы – құдіретті, кешірім жасаушы Алла! Бізді тақуалыларымен бірге жәннәтқа кіргізе гөр!

Төртінші айналым

Оқылуы: Аллаһумма әжғалһу хижжән мәбруурән уә сағйән мәшкуурән, уә зәнбән мағфуурән, уә амалән саалихән мақбуулән, уә тижәәрәтән лән тәбүүрә, йа ғаалима мә фи-с-сұдуур ұхрижни йа Алла мин-з-зұлұмаати илә-ннуур.  
Аллаһумма инни әсәлүкә мүүжибәәти рәхмәтикә уә ғазаіимә мағфирәтикә уә-с-сәләәмәтә мин күлли исмин уә-л-ғаниимәтә мин күлли биррин, уә-л-фәузә би-лжәннәти уә-н-нәжәәтә мин-ән-нәәр, рәбби қыннығни бимә рәзәқтәни, уә бәәрик лии фимә ағтайтәни, уә ахлиф ғала күлли ғаибә лии минкә бихейрин.

Мағынасы: Иә, Алла! Қажылығымды адал қыл, ниетімді ризашылығыңмен қабыл ал. Кінәмді кешір. Игі істерімді қабыл ал. Саудамды табысты ет. Иә, Жаратқан Ием! Зұлымдықтан аулақ қыл, жүрегімізді нұрға толтыр. Иә, Алла! Сенен іс-әрекеттеріме ризашылық білдіруді, ағаттық ниеттеріме кешіріммен қарауды сұраймын. Әрбір теріс ісімді түзу жолға сал, әрбір игі ісімді жарылқа. Жәннәттің төрін бер, тозақтың отынан сақта. Жаратқан Ием! Берген рызығыңа мені қанағат ет. Құт-берекеңді бере бер. Маған ғайыб (белгісіз) нәрселерді қайырыммен бер.

Қағбаның Йемен бұрышы мен «Қара тас» бұрышы арасында оқылатын дұға:

Оқылуы: Рәббәнә әтинә фи-д-дүнйә хәсәнәтән уә фи-лахирати хәсәнәтән уа қина азаба-н-нәәр, уә удхулнә әлжәннәтә маға-л-әбрәри йа ғазиз йа ғаффар йа рәббәл-ғааламиина.

Мағынасы: Жаратқан Иеміз! Бізді бұ дүниеден жақсылықпен өткіз, о дүниеде де жақсылығыңды бере гөр! Бізді тозақ отының азабынан сақтай гөр! Екі дүниені Жаратушы – құдіретті, кешірім жасаушы Алла! Бізді тақуалыларымен бірге жәннәтқа кіргізе гөр!

Бесінші айналым

Оқылуы: Аллаһумма азыллани тәхтә зыл ғаршикә йәумә лә зылла иллә зыллука, уә лә баақи иллә уәжһукә, уә әсқини мин хауд нәбийикә сейидинә Мүхәммәдин сала-аллаһу ғалейһи уә сәлләм шәрбәтән һәниіәтән мәриіәтән лә назмаү бағдәһә әбәдән, аллаһумма инни әсәлүкә мин хейри мә сәіәләкә минһи нәбийукә сейидинә Мүхәммәдин сала-аллаһу ғалейһи уә сәлләм. ағуузу бикә мин шәрри мә истәғаазәкә минһу нәбийукә сейидинә Мүхәммәдин сала-аллаһу ғалейһи уә сәлләм. аллаһумма инни әсәлүкә әл-жәннәтә уә нағимәһә уә мә йуқаррибуни илейһә мин қаул әу фиғл әу амал ағуузу бикә минә-н-нәәр уә мә йуқаррибуни илейһә мин қаул әу фиғл әу амал.

Мағынасы: Иә, Алла! Күндердің күнінде сенің көлеңкеңнен басқа ешқандай көлеңке қалмағанда, сенің келбетіңнен басқа ештеңе қалмағанда тағыңның көлеңкесін маған түсір. Сенің елшің, біздің пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) сусындаған мәңгілік сарқылмайтын құдықтан таза мөлдір сусынмен шөлімді қандыр. Иә, Алла! Сенен жәннәтті, оның рахатын сұраймын. Сөзіммен, ісіммен, әрекетіммен оған жақындат, ал тозақ отынан алыстат.

Қағбаның Йемен бұрышы мен «Қара тас» бұрышы арасында оқылатын дұға:

Оқылуы: Рәббәнә әтинә фи-д-дүнйә хәсәнәтән уә фи-лахирати хәсәнәтән уа қина азаба-н-нәәр, уә удхулнә әл-жәннәтә маға-л-әбрәри йа ғазиз йа ғаффар йа рәббә-лғааламиина.

Мағынасы: Жаратқан Иеміз! Бізді бұ дүниеден жақсылықпен өткіз, о дүниеде де жақсылығыңды бере гөр! Бізді тозақ отының азабынан сақтай гөр! Екі дүниені Жаратушы – құдіретті, кешірім жасаушы Алла! Бізді тақуалыларымен бірге жәннәтқа кіргізе гөр!


Алтыншы айналым


Оқылуы: Аллаһумма иннә ләкә ғалейя хүқұұқан кәсиирәтән фиимә бейнии уә бейникә, хүқұұқан кәсиирәтән бейнии уә бейнә халқикә.

Аллаһумма мә кәәнә ләкә минһә фа-ағфирһу лии уә мә кәәнә ли-халқикә фә-тәхәммәлһу ғанни уә ағнинии би-жәләәликә ған хәрәәмикә уә би-тағаатикә ған мағсыйатикә, уә би-фадлыкә ғамман сиуәәкә, йа уәәсиға-л-мағфирати. 

Аллаһумма иннә бейтикә азыым, уә уәжһәкә кәриим, уә әнтә йа Алла хәлиим кәриим азыым түхиббул-ғафуа фа-ағфу ғайнии.

Мағынасы: Иә, Алла! Меніменен Сен арасында Сенің маған деген көптеген хақыларың бар. Менімен Сен жаратқандардың арасында көптеген хақыларың бар.

Иә, Алла! Олардан кеткен кінәлар үшін де мен Сенен кешірім сұраймын. Олардың кінәларын мен де арқалаймын. Құдіретіңмен тыйым сал, тағаттылығыңмен бір өзіңе бағындыр. Қайырымдылығыңмен жаман мінезден арылт.

Иә, кешірімді, кең пейілді Жаратқан Ием! Сенің үйің – құдіретті. Жүзің – мейірімді. Иә, Алла! Сен – бәрін де көретін құдіретті, мейірімді Жаратушымызсың. Кешірім жасағанды ұнатасың, мені де кешір. 

Қағбаның Йемен бұрышы мен «Қара тас» бұрышы арасында оқылатын дұға:

Оқылуы: Рәббәнә әтинә фи-д-дүнйә хәсәнәтән уә фи-лахирати хәсәнәтән уа қина азаба-н-нәәр, уә удхулнә әлжәннәтә маға-л-әбрәри йа ғазиз йа ғаффар йа рәббәл-ғааламиина.

Мағынасы: Жаратқан Иеміз! Бізді бұ дүниеден жақсылықпен өткіз, о дүниеде де жақсылығыңды бере гөр! Бізді 36 Қажылық тозақ отының азабынан сақтай гөр! Екі дүниені Жаратушы – құдіретті, кешірім жасаушы Алла! Бізді тақуалыларымен бірге жәннәтқа кіргізе гөр!

Жетінші айналым

Оқылуы: Аллаһумма инни әсәлүкә имәәнән кәәмилән, уә йақинән саадықан уә ризқан уәәсиғән уә қалбән хаашиған, уә лисәәнән зәәкирән, уә хәләәлән тайибән уә тәубәтән насуухән, уә тәубәтән қаблә-л-мәут уә раахәтән ындә-л-мәут уә мағфирәтән уә рахмәтән бағдә-л-мәут, уә-л-ғафуа ындә-л-хисәәб, уә-л-фәузә бил-жәннәти, уә-н-нәжәәтә минә-н-нәәр бирахмәтикә йә ғазиизи йә ғаффаар рәбби зидни ғилмән уә әлхиқни би-с-саалихиин.

Мағынасы: Иә, Алла! Сенен толық иман, шын наным, мол рызық, бағынышты жүрек, мақтау айтатын тіл, жақсы өмір, шынайы тәубе сұраймын. Өлімнің алдында тәубе бер, өлгенде рахат бер. Өлгеннен кейін рақымшылығың мен кешірімділігіңді бер. Ақырзаманның хисаб күні кінәларымды кешір, жәннәтқа кіргіз, Рақымшылығыңмен тозақтың отынан сақта. Кешіруші әрі құдіретті Жаратқан Ием! Ақылымды толықтыр, салихалардың қатарына қос. 

Қағбаның Йемен бұрышы мен «Қара тас» бұрышы арасында оқылатын дұға:

Оқылуы: Рәббәнә әтинә фи-д-дүнйә хәсәнәтән уә фи-лахирати хәсәнәтән уа қина азаба-н-нәәр, уә удхулнә әлжәннәтә маға-л-әбрәри йа ғазиз йа ғаффар йа рәббә-лғааламиина.

Мағынасы: Жаратқан Иеміз! Бізді бұ дүниеден жақсылықпен өткіз, о дүниеде де жақсылығыңды бере гөр! Бізді тозақ отының азабынан сақтай гөр! Екі дүниені Жаратушы – құдіретті, кешірім жасаушы Алла! Бізді тақуалыларымен бірге жәннәтқа кіргізе гөр!

Сөйтіп, әл-Кағбаны жеті рет айналған соң қажы риданы екі иығына жауып, Кағбаның есігі мен Қара тас арасындағы қабырға бөлігі – «әл-Мүлтәзәмға» келеді. Ол екі қолын көтеріп, әл-Кағбаның перделеріне тигізеді. Кеудесі мен бетін қабырғаға тақап, сүбхана Алла тағалаға жан сырын, мұң-мұқтажын айтуға болады. Бұл жерде қажы қандай тілек-дұға айтса, Жаратқан Иеміз қабыл алады.


«әл-Мүлтәзәм» дұғасы

Оқылуы: Аллаһумма йа рәббә-л-бейти-л-ғатииқ ағтиқ риқаабәнә уә риқаабә әбәәіинә уә үммәһәәтинә уә ихуаанинә уә әуләәдинә мин ән-нәәр, йа зәә-л-жәуд уәл-кәрәм уә-л-фадыл уә-л-мәнн уә-л-ғатааі уә-л-ихсәән, аллаһумма әхсин ғаақибәтәнә фи-л-умуур куллиһә уә әжирнә мин хизйи-д-дүнйә уә азааби-л-ахирати аллаһумма инни абдукә уә ибн абдикә уаақифун тәхтә бәәбикә, мүлтәзим би-ағтәәбикә мүтәзәллил бейнә йәдейкә, әржу рәхмәтәкә уә ахша азаабәкә, йа қадиимәл-ихсәән аллахумма инни әсәлүкә ән тәрфаға зикри уә тадаға уизри, уә тұслихә әмри, уә тұдаһһирә қалби уә тунәууирә ли фи қабри, уә тәғфира ли зәнби, уә әсәлүкә әд-дәрәжәәти-л-ұлйа мин-әл-жәннәти әмиин.

Мағынасы: Иә, Алла – Көне Үйдің иесі! Бізді, бабаларымызды, аналарымызды, ағайын-туысқандарымызды, ұрпағымызды тозақ отынан сақтай гөр. Иә, Алла! Молшылық, игілік, құт-береке, сыйсияпат, қайырымдылық бір Сенің қолында. Иә, Алла! Барлық істерімді жемісті қыла гөр. Бұ дүниеде ұятқа қалдырма, О дүниеде азапқа ұшыратпа. Иә, Алла! Сенің Есігіңнің астында тұрған құлыңмын, құлыңның ұлымын. Мүлтәзім – екі қолдарың арасындағы бағыныш баспалдақтарың. Иә, Қайырымдылық беруші! Рақымшылығыңды сұраймын, азаптан құтқар. Иә, Алла! Сенен сұрайтыным: ақыл-есімді дұрыс қыл, тауқыметті тарттырма. Ісімді оң қыл, жүрегімді тазарт, қабірімді нұрлы ет, кінәмді кешіре гөр. Жәннәттің төрінен биік дәрежелер бер. Әмин.

Содан кейін қажы Ибраһим мақамына келеді.
Пікірлер (0)