+7 700 100 12 46
+7 700 100 12 47
29 мамыр, 2018

Әл-Мәсжид әл-Харам

әл-Мәсжид әл-Харам – мұсылмандардың басты мешіті. Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.с.) өзі туыпөскен, Алла тағаланың ақиқат дінін насихаттаған Меккеге Ислам дінін ұстамайтын адамдарға кіруге тыйым салып, әл-Кағба, Ибраһим мақамы, Зәмзәм кұдығы бар бұл қасиетті мешітті «Тыйым салынған мешіт», яғни «әл-Мәсжид әл-Хәрәм» деп атаған.

Әл-Мәсжид әл-Хәрәм Мекке қаласының ортасында орналасқан.

Қазіргі уақытта Мешіттің көлемі 309 мың шаршы метрді алып жатыр. Мешіттің 9 мұнарасы бар, олардың биіктігі 95 метр. Мешіттің 4 үлкен қақпасы және 44 кіретін есіктері бар. Мешітте бір уақытта 700 мың адам намаз оқи алады.


Әл-Мәсжид әл-Харамға жақындағанда оқылатын дұға

Оқылуы: Аллаһумма иннә һәзә-л-хәрәмә хәрәмүкә, уә-лбәләдә бәләдүкә, уә-л-әмнә әмнүкә, уа-л-абдә абдука, жиітукә мин биләәдин бағиида би-зунубин кәфиирә, уа ағмаалин сейіә, әсәлүкә мәсәләтә-л-мұдтариина илейкә, әл-мұшфиқиина мин азаабика, ән тәстақбилни би-мәхдын ғафуикә уәән тудхилни фәсиихә жәннәтикә, жәннәти-н-нағиим. Аллаһумма иннә һәзә хәрәмукә уә хәрәмә рәсууликә, фәхәррим ләхми уә дәми уә ғазмыи ғала-н-нәәр, аллаһумма әминни мин азаабикә йәумә тәбғасу ғибаадәкә әсәлүкә би-әннәкә әнтә Алла лә иллаһа иллә әнтә ар-рахману-р-рахиим, ән тұсалли уә түсәллимә ғала сейидинә Мүхәммәдин уә ғала әәлиһи тәслиимән кәсиирән әбәдән.

Мағынасы: Иә, Алла! Бұл хәрәм (кәпірлерге кіруге тыйым салынған жер) Сенің хәрәмің. Бұл елді мекен Сенің елің. Қауіпсіздік – Сенің қауіпсіздігің. Құл – Сенің құлың. Мен алыс елден көптеген кінәлардан тазару үшін, жаман істерден арылу үшін келдім. Саған мұқтаждардың, азабыңнан айайтындардың сауалын Сенен сұраймын. Кешірім жасап, мені қабыл ал. Рахатқа бөлетін жәннәттің – Сенің жәннәтіңнің қақпасын айқара ашып, кіргіз мені. Иә, Алла! Бұл – Сенің хәрәмің және де Сенің пайғамбарыңның хәрәмі. Етімді, қанымды, сүйегімді тозақ отынан сақта. Иә, Алла! Құлшылық еткендерді тексерген күні азабыңнан сақтауды Сенен сұраймын. Өйткені, Сен – 15 Алласың, Қайырымды, рақымды Сенен басқа құдай жоқ. Мұхаммед пайғамбарымыздың, оның әулетін мәңгілік жарылқа, шексіз қолда.

Қажы әл-Мәсжид әл-Хәрәмға оң аяғымен кіреді. Мешітке оның басты қақпасы «әс-Сәләм» («Бейбітшілік») қақпасынан кірген абзал.

әл-Мәсжид әл-Хәрәмнің «әс-Сәләм» қақпасынан кіргенде оқылатын дұға

Оқылуы: Аллаһумма әнтә әс-сәләәму уә минкә әс-сәләәму фәхейинә рәббәнә би-с-сәләәми уә әдхилнә әл-жәннәтә дәәрә-с-сәләәми тәбәәрәктә уә тағаалейтә йә зә-лжәләәли уә-л-икрәәми аллаһумма ифтәх ли әбуәәбә рәхмәтикә уә мағфирәтикә уә әдхилни фиһә, би-исмил-лаһи уә-л-хәмду ли-л-ла уа-с-салаату уә-с-сәләәму ғала рәсуули-л-ла сала-л-лаһу ғалейһи уә сәлләмә.

Мағынасы: Иә, Алла! Сен бейбіт өмір берушісің, Сенен – бейбітшілік. Бізге бейбіт өмір бер. Жаратқан Иеміз! Бейбіт үйі – жәннәтқа бізді кіргіз. Иә, Ұлылық пен құрметтің Иесі! Құт-береке бердің, биік болдың. Иә, Алла! Рақымшылығыңның, мейіріміңнің қақпаларын аш маған, ішіне кіргіз. Алла атымен. Аллаға – мадақ! Алланың елшісіне (с.ғ.с.) тыныштық тілейміз, дұға бағыштаймыз.

Пікірлер (0)