+7 700 100 12 46
+7 700 100 12 47
29 мамыр, 2018

Мекке

Мекке – мұсылмандардың қасиетті шаһары, оның «мүкәррәмә» («аса кадір тұтатын») деген теңеуі бар. Алла тағаланың сөзі жазылған Құран кәрімде Меккені «Умм әл-қура» («қалалардың Анасы»), Бекке (шаһардың көне атауы), «әл-Бәләд әл-әмин» («Қауіпсіз қала») деп те атайды.

Мекке мүкәррәмә – Адам Ата мен Һауа Ананың өмір сүрген жері, бұл қасиетті жерде Ибраһим пайғамбар мен Исмайыл пайғамбар (ғалейһима-с-сәләм) халыққа уағыз айтқан. Мекке мүкәррәмә - Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) кіндік қаны тамған жер. Осы қасиетті мекеннен Ислам дінінің ақиқат жолы бастау алады.

Мекке Қызыл теңіз жағалауындағы Жидда қаласынан 74 шақырым жерде таулы аймақта орналасқан. Қала теңіз деңгейінен 279 метр биіктікте.

Қажы Меккеге келгеннен кейін қонақ үйге жайғасып, денесін тағы да толық жуады, яғни ғұсыл жасайды.

Меккеге кіргенде оқылатын дұға (Ескерту: Бұл дұғаны оқығанда екі қолды жоғары көтермейді). 

Оқылуы: Би-исми-л-лаһи ар-рахмани-р-рахиим аллаһумма әжғал ли биһә қарааран уә ирзұқни фиһә ризқан жәләәлән.
Мағынасы: Қайырымды, рақымды Алла атымен (бастаймын). Иә, Алла! Онда (Меккеде) баспана бер, мол рызық бер.
Пікірлер (0)