+7 700 100 12 46
+7 700 100 12 47
17 маусым, 2018

Ибраһим мақамында оқылатын дұға

Оқылуы: Аллаһумма иннәкә тағламу сирри уә ғалаанияти фа-ақбәл мағзирати, уә тағламу хәәжәти фа-ағтыйни суіли,уә тағламу мә фи нәфси фа-ағфир ли зүнууби, аллаһумма инни әсәлукә имәәнән йубааширу қалби уә йақиинан саадиқан хәттә ағләмә иннәһә лә йұсыибуни иллә мә кәтәбтә ли рыддан минкә бимә қасәмтә ли, әнтә уәлийи фи-д-дүниә уә-л-ахирати, тәуәффәни мүслимән уә әлхиқни би-с-саалихиинә. Аллаһуммә лә тәдағ ләнә фи мақааминә һәзә зәнбән иллә ғафартәһу, уә лә һәммән иллә фаражтәһу, уә лә хәәжәтән иллә қадайтәһә уә йәссәртәһә, фә-йәссир үмуурәнә, уә әшрәх сұдұұрәнә, уә нәууир құлуубәнә, уә ахтим би-с-саалихаати ағмәә-ләнә,аллаһумма тәуәфәнә мүслимии-нә уә әхйәнә мүслимиинә, уә әлхиқнә би-ссаалихиинә, ғейрә хазая уә лә мәфтууниинә. 

Мағынасы: Иә, Алла! Сен сырымды да, жариялығымды да білесің. Кешірім сұрағанымды қабыл ет. Мұқтаждығым да Саған мәлім. Өтінішімді аяқсыз қалдырма. Ішімде не бәрін білесің. Кінәларымды кешіре гөр. Иә, Алла! Сенен жүрегімді қуантатын иман, шыншыл наным сұраймын. Білмегенімді білдір. Маңдайыма жазғаныңнан басқасына душар етпе. Бергеніңе шүкіршілік етемін. Сен – Бұ дүниенің де, О дүниенің де Билеушісісің. Мені Бұ дүниеден мұсылман қылып өткіз, салихалылардың қатарына қос. Иә, Алла! Осы мақамның қасында тұрған бізді күнәларымыздан арылттыр. Жалбарыным сұрайтынымыз да осы. Бізге қажеті – тек Сен көрсеткен ақиқат жолмен тура жүру. Ісімізді оңға бастыр, Кеудемізді кең пейілді ет, Жүрегімізге нұрыңды төк.
Жұмысымызды табысты аяқтат. Иә, Алла! Бізді бұ дүниеге мұсылман етіп жаралтып, мұсылман етіп өткіз. Салиқалылардың қатарына қос. Ар-ұятымызды жоғалтырма, азғындыққа ұшыратпа.

Содан кейін қажы Алла тағаланың «Ибраһим мақамын намаз оқитын жер қылып алыңдар» («әлБақара» сүресінің 125-аяты) деген ұлағатты сөзін басшылыққа алып, Ибраһим мақамының артында екі рәкәттан тұратын намаз оқиды. Бірінші рәкәтта Құран кәрімдегі «Кәпірлер» сүресін, екінші рәкәтта «Ықылас» сүресін оқиды.


Пікірлер (0)