+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
11 маусым, 2018

Арафатқа қатысты сұрақтар

ҚАЖЫЛЫҚ ҮШІН ИХРАМҒА КІРУ ЖӘНЕ АРАФАТҚА ШЫҒУ

Тәмәтту қажылығына ниет етіп, ұмрасын да орындап, осылайша Меккеде болып жатқан қажылыққа үміткер жалпы қажылық үшін ихрамға Зилхидже айының сегізінші күні (Тәурие күні) кіреді. Сондықтан Зилхидженің 8 күніне келгенде Меккедегі үйлерде ұмра ихрамында баяндалғандай дайындықтар жасалуы керек. Керехат уақыты болмаса 2 рәкат ихрам намазын оқиды. Сосын: "Алла Тағалам! Сенің ризалығың үшін қажылық жасағым келеді. Жеңілдік бер, әрі қабыл ал" деп ниет етіледі. Артынан тәлбия айтып, қажылық үшін ихрамға кіреді. Осылайша қайтадан ихрам тыйымдары күшіне енеді. 
Қажылық үшін ихрамға кірген соң Арафатқа шықпастан бұрын нәпіл бір тәуап, сосын осылайша алдында істегендер енді "зиярат тәуабын" яғни, нәпіл тәуабынан кейін сағ жасалмайды. Бірақ, сүннетке сәйкес қажылық сағы зиярат тәуабынан кейін, әрі ихрамсыз түрде орындалады.