+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
11 маусым, 2018

"Сағи" дегеніміз не?

"Сағи" сөзі: жүгіру, жылдам жүру мағынасын білдіреді. Қажылық пен ұмрада Қағбаның шығыс тарапындағы "Сафа" төбесінен бастап "Мәруаға" төрт барып, Мәруадан Сафаға үш қайтып келуді, яғни екі төбе арасында жүгіруді айтады. 
Сафадан Мәруаға, Мәруадан Сафаға барып келудің әрбірін бір "шаут" деп атайды. Сафа мен Мәруа арасы 400 метрге жуық. Осы аралықты "Мәса" дейді. 
Сағи жасау уәжіп. Сағидың шығу тарихы Хз. Ажар анамыз емізулі баласы Хз. Исмаил үшін су іздеп осы екі төбе арасында жүгірген оқиғамен қатысты.