+7 700 100 12 46
+7 700 100 12 47
10 маусым, 2018

«Әл-Мүлтәзәм» дұғасы

Қағбаны жеті рет айналған соң қажы риданы екі иығына жауып, Кағбаның есігі мен Қара тас арасындағы қабырға бөлігі – «әл-Мүлтәзәмға» келеді. Ол екі қолын көтеріп, әл-Кағбаның перделеріне тигізеді. Кеудесі мен бетін қабырғаға тақап, сүбхана Алла тағалаға жан сырын, мұң-мұқтажын айтуға болады. Бұл жерде қажы қандай тілек-дұға айтса, Жаратқан Иеміз қабыл алады.





Оқылуы: Аллаһумма йа рәббә-л-бейти-л-ғатииқ ағтиқ риқаабәнә уә риқаабә әбәәіинә уә үммәһәәтинә уә ихуаанинә уә әуләәдинә мин ән-нәәр, йа зәә-л-жәуд уәл-кәрәм уә-л-фадыл уә-л-мәнн уә-л-ғатааі уә-л-ихсәән, аллаһумма әхсин ғаақибәтәнә фи-л-умуур куллиһә уә әжирнә мин хизйи-д-дүнйә уә азааби-л-ахирати аллаһумма инни абдукә уә ибн абдикә уаақифун тәхтә бәәбикә, мүлтәзим би-ағтәәбикә мүтәзәллил бейнә йәдейкә, әржу рәхмәтәкә уә ахша азаабәкә, йа қадиимәл-ихсәән аллахумма инни әсәлүкә ән тәрфаға зикри уә тадаға уизри, уә тұслихә әмри, уә тұдаһһирә қалби уә тунәууирә ли фи қабри, уә тәғфира ли зәнби, уә әсәлүкә әд-дәрәжәәти-л-ұлйа мин-әл-жәннәти әмиин.

Мағынасы: Иә, Алла – Көне Үйдің иесі! Бізді, бабаларымызды, аналарымызды, ағайын-туысқандарымызды, ұрпағымызды тозақ отынан сақтай гөр. Иә, Алла! Молшылық, игілік, құт-береке, сыйсияпат, қайырымдылық бір Сенің қолында. Иә, Алла! Барлық істерімді жемісті қыла гөр. Бұ дүниеде ұятқа қалдырма, О дүниеде азапқа ұшыратпа. Иә, Алла! Сенің Есігіңнің астында тұрған құлыңмын, құлыңның ұлымын. Мүлтәзім – екі қолдарың арасындағы бағыныш баспалдақтарың. Иә, Қайырымдылық беруші! Рақымшылығыңды сұраймын, азаптан құтқар. Иә, Алла! Сенен сұрайтыным: ақыл-есімді дұрыс қыл, тауқыметті тарттырма. Ісімді оң қыл, жүрегімді тазарт, қабірімді нұрлы ет, кінәмді кешіре гөр. Жәннәттің төрінен биік дәрежелер бер. Әмин.
Содан кейін қажы Ибраһим мақамына келеді.
Пікірлер (0)