+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
09 маусым, 2018

Қара тасты сүйген кезде оқылатын дұға

Тауаф әл-құдым қасиетті Қара тасты сүюден, яғни тақбилден басталады. Ал егер қажылардың көптігінен Қара тасты сүю мүмкін болмаса, онда Қара тасқа қарап, алақандарды тигізуге ишарат қылып, сосын қолдарын еріндеріне тигізеді, оны «истиләм» дейді. Одан кейін былай деп айтады:



Оқылуы: Би-исми-л-лаһи уа аллаһу әкбәр, аллаһумма имәәнән бикә уа тасдииқан би-китәәбикә, уә уәфә-ән би-аһдикә уә иттибә-ан ли-сүннәти нәбийикә салла-ллаһу ғалейһи уә сәлләмә.

Мағынасы: Алла атымен, Алла - ұлы. Иә, Алла! Мен Саған иман келтірдім, кітабыңа сендім. Уәдеңе нандым, пайғамбарыңның (салла-л-лаһу ғалейһи уә сәлләмә) сүннет жолын ұстадым.