+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
09 маусым, 2018

Әл-Кағбаны көргенде оқылатын дұға

Алдымен  («лә иллаһа илла- л-ла»)- «Алладан басқа құдай жоқ» деп үш рет һәләл айтылады. Одан кейін  («аллаһу әкбәр») – «Алла – ең ұлы» деп үш мәрте тәкбир айтылады. Содан соң:



Оқылуы: Лә иллаһа илла-л-ла уәхдәһу лә шәриикә ләһу, ләһу-л-мүлк уә ләһу-л-хәмд уә һууә ғала күлли шейін қадиир. Ағұзу би-рәбби-л-бейти мин әл-күфри уә-л-фақри уә мин азааби-л-қабр уа дыйиқи-с-садр сала-л-лаһу ғала сейидинә Мүхәммәдин уә ғала әәлиһи уә сахбиһи уә сәлләмә аллаһумма зид һәзә-л-бәйтә тәшриифән уә тәкриимән тағзыыман уә мәһәәбәтән уә рифғатән уә бәррән уә зид йә рәбби мән шәррәфәһу уә аззамаһу миммән хәжжәһу әу иғтәмәрәһу тәшриифән уә тәкриимән уа тағзыыман уә мәһәәбәтән уә рифғатән уә бәррән.

Мағынасы: Алладан басқа құдай жоқ. Ол – жалғыз. Оның серігі жоқ. Бар байлық та Одан, мақтау да Оған. Ол бәрінен де құдіретті. Үйдің (әл-Кағбаның) Иесінен кәпірлікке ұрынбауды, кедейшілікте болмауды, қабір азабын тартпауды, кеудені қуыс қылмауды сұраймын. Біздің пайғамбарымызға, оның әулетіне, сахабаларына (серіктеріне) Алланың шапағаты жаусын. Иә, Алла! Бұл Үйіңді сый-сияпатқа, құрметке, қадірлікке, қошеметке, ұлылыққа, мәртебеге, жақсылыққа толтыр. Жаратқан Ием! Сондай-ақ қажылық, не умра жасағанның да сый-сияпатын, құрметін, қадірін, қошеметін, мәртебесін, игілігін арттыр.