+7 700 100 12 46
+7 700 100 12 47
09 маусым, 2018

Әл-Мәсжид әл-Харамнің «әс-Сәләм» қақпасынан кіргенде оқылатын дұға

Оқылуы: Аллаһумма әнтә әс-сәләәму уә минкә әс-сәләәму фәхейинә рәббәнә би-с-сәләәми уә әдхилнә әл-жәннәтә дәәрә-с-сәләәми тәбәәрәктә уә тағаалейтә йә зә-лжәләәли уә-л-икрәәми аллаһумма ифтәх ли әбуәәбә рәхмәтикә уә мағфирәтикә уә әдхилни фиһә, би-исмил-лаһи уә-л-хәмду ли-л-ла уа-с-салаату уә-с-сәләәму ғала рәсуули-л-ла сала-л-лаһу ғалейһи уә сәлләмә.

Мағынасы: Иә, Алла! Сен бейбіт өмір берушісің, Сенен – бейбітшілік. Бізге бейбіт өмір бер. Жаратқан Иеміз! Бейбіт үйі – жәннәтқа бізді кіргіз. Иә, Ұлылық пен құрметтің Иесі! Құт-береке бердің, биік болдың. Иә, Алла! Рақымшылығыңның, мейіріміңнің қақпаларын аш маған, ішіне кіргіз. Алла атымен. Аллаға – мадақ! Алланың елшісіне (с.а.с.) тыныштық тілейміз, дұға бағыштаймыз.
Пікірлер (0)