+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
09 маусым, 2018

әл-Мәсжид әл-Харамға жақындағанда оқылатын дұға


Оқылуы: Аллаһумма иннә һәзә-л-хәрәмә хәрәмүкә, уә-лбәләдә бәләдүкә, уә-л-әмнә әмнүкә, уа-л-абдә абдука, жиітукә мин биләәдин бағиида би-зунубин кәфиирә, уа ағмаалин сейіә, әсәлүкә мәсәләтә-л-мұдтариина илейкә, әл-мұшфиқиина мин азаабика, ән тәстақбилни би-мәхдын ғафуикә уәән тудхилни фәсиихә жәннәтикә, жәннәти-н-нағиим. Аллаһумма иннә һәзә хәрәмукә уә хәрәмә рәсууликә, фәхәррим ләхми уә дәми уә ғазмыи ғала-н-нәәр, аллаһумма әминни мин азаабикә йәумә тәбғасу ғибаадәкә әсәлүкә би-әннәкә әнтә Алла лә иллаһа иллә әнтә ар-рахману-р-рахиим, ән тұсалли уә түсәллимә ғала сейидинә Мүхәммәдин уә ғала әәлиһи тәслиимән кәсиирән әбәдән. 

Мағынасы: Иә, Алла! Бұл харам (кәпірлерге кіруге тыйым салынған жер) Сенің харамың. Бұл елді мекен Сенің елің. Қауіпсіздік – Сенің қауіпсіздігің. Құл – Сенің құлың. Мен алыс елден көптеген кінәлардан тазару үшін, жаман істерден арылу үшін келдім. Саған мұқтаждардың, азабыңнан қайтатындардың сауалын Сенен сұраймын. Кешірім жасап, мені қабыл ал. Рахатқа бөлейтін жәннәттің – Сенің жәннәтіңнің қақпасын айқара ашып, кіргіз мені. Иә, Алла! Бұл – Сенің хәрәмің және де Сенің пайғамбарыңның харамы. Етімді, қанымды, сүйегімді тозақ отынан сақта. Иә, Алла! Құлшылық еткендерді тексерген күні азабыңнан сақтауды Сенен сұраймын. Өйткені, Сен – Алласың, Қайырымды, рақымды Сенен басқа құдай жоқ. Мұхаммед пайғамбарымыздың, оның әулетін мәңгілік жарылқа, шексіз қолда.