+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
05 маусым, 2018

Қажылық жасау

Пайғамбарымыз (ﷺ): «Ислам бес (ұстынға) негізделген: Алладан басқа ешбір құдай жоқтығына және Мұхаммед Оның Елшісі екеніне куәлік беру; Намаз оқу; Зекет беру; Қажылық жасау; Рамазанда ораза тұту», - деген. (Имам әл-Бұхари)

Хадистен байқағанымыздай, қажылық – Ислам дініндегі басты тіректердің бірі. Шамасы келген кез-келген мұсылман Алланың қасиетті мекеніне барып, Алла алдындағы міндетін өтемейінше толық қанды мұсылман болмайтыны сөзсіз.

Шамасы жеткен әрбір мұсылман баласына қажылық ғибадаты парыз болғандықтын орындаушысы, ең бірінші, Алланың сый-сыяпатына кенеліп, күнәларынан арылады. Өйткені, Алла тағала өзінің әмірлерін орындаған құлдарын ақыретте сый-сыяпатқа бөлейтіні туралы уәде еткен. Қажылық ғибадатын ықыласпен орындаған құлдардың күнәларының кешірілетіні жайында Пайғамбарымыздың (ﷺ) бір хадисінде: «Кімде-кім әй