+7 700 100 12 46
+7 700 100 12 47
07 маусым, 2018

ҚАЖЫЛЫҚТЫҢ ЕҢ ҮЛКЕН 5 ПАЙДАСЫ



Қажылық – Ислам дінінің бесінші тірегі. «Хаж» (қажылық) араб тілінде «құрметті орынды зиярат ету» деген мағынаны береді. Қажылық рəсімдерінің басталуына міне бір апта уақыт бар. Бірақ соған қарамастан, бүгінгі күнге дейін қасиетті жерлерге 728 мыңнан астам қажы жетіп үлгерді. Ал қажылық сапардың бізге беретін пайдасы қандай?

1. Адам өз мойнына жүктелген міндеттен құтылу арқылы, Алла қаласа, сансыз сауапқа кенеледі. (себебі, нәпіл амалдарға қарағанда парыз амалдардың сауабы көбірек болады)


2. Алла қажылық жасаған пендесінің өткен күнәларын кешіреді: Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім әйеліне жақындаспай, ешқандай күнә жасамай, Алла үшін қажылық жасаса, ол (үйіне) анасынан жаңа туғандай пәк болып қайтады», – деген (Бұхари, 1424).


3. Қажылыққа барған адам «Алланың қонағы» болу мүмкіндігіне ие болады! 
Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Алла елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қажылар және умра жасаушылар – Аллаға келген (өз елдерінің) өкілдері. Егер олар Оған дұға қылса, жауап береді (дұғаларын қабыл етеді), егер кешірім сұраса, оларды кешіреді», – деген (ибн Мәжаһ, 2883).


4. Қажылық адамның жүрегін тәкаппарлық пен дүниеқоңыздықтан тазалайды. Себебі, қажылықты орындау үшін мұсылмандар әлемнің түкпір-түкпірінен жер бетіндегі ең қасиетті мекенге жиналып, бәріне бірдей ортақ, жалғыз Раббылары – Аллаға ғана құлшылық қылып, бірдей киім киеді. Сондықтан, қажылықта басшы мен бағынышты, бай мен кедей, ақ пен қараның араларында ешбір айырмашылық болмайды.


5. Егер шын ықыласпен жасаған құлшылығыңызды Алла қабыл етсе, сіз – жәннаттықсыз! Себебі, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Қабыл болған қажылықтың сауабы – тек қана жәннат», – деген! (Бұхари)

ummet.kz

Пікірлер (0)