+7 700 100 12 46
+7 700 100 12 47
07 маусым, 2018

ҚАЖЫЛЫҚ САПАРЫҢЫЗ ЕКІ ЕСЕ САУАПТЫ БОЛСЫН ДЕСЕҢІЗ...

Қасиетті Мекке, Мәдина қалаларына мұсылмандық парызды өтеу арқылы екі есе сауап жинаудың тамаша мүмкіндігі туды. Қалай десеңіз, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей ықпалымен құрылған «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының құрамынан қажылық компаниясы ашылған болатын. Ал бұл «Уақып» қорының «WAQYP TRAVEL» кажылық компаниясы арқылы қажылық өтеудің артықшылықтары жайлы бөлім басшысы Құрман Сабралиев жауап береді:     

- «УАҚЫП» қазақстандық қайырымдылық қоры Елбасының тапсырмасымен және қолдауымен құрылып, 2017 жылдың 1 шілдесінде тіркелген. Қор еліміздің дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасында баяндалған тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне барынша қолдау көрсетіп, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасымен бірге белсенді қызмет атқару үшін құрылған. Яғни байқағандарыңыздай, мемлекет дамуына барынша қолдау көрсетуші қор болса да жеке азаматтардың да мұң-мұқтаждары басты назарда. Жалпы қордың басты қызметі: қоғамда дәстүрлі діни, рухани-өнегелік құндылықтарды дамытуға, дін қызметкерлеріне қолдау көрсетуге және олардың біліктілігін арттыруға, радикализм мен экстремизмнің алдын алу, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, (діни ғимараттар мен әлеуметтік нысандарды салуға және күтім жасауға ықпал етуге), жағдайы төмен және көп балалы отбасыларды мүмкіндігінше материалдық (қайырымдылық) көмек көрсетіп, дұрыс тәрбиелеп, қолдауға т.б. бағытталған.

Жалпы атқарылып жатқан жұмыстардың біршамасына тоқталсақ, материалдық қолдауға аса мұқтаж және шалғай аудандар мен ауылдарда тұратын 355 дін қызметкеріне, сондай-ақ түзету мекемелерінде деструктивті ағымдарды ұстанатындармен жұмыс істейтін теологтарға қаржылай көмек көрсетуде (ай сайын 1 діни қызметкерге 55 000 теңге мөлшерінде). Қазіргі таңда 173 діни қызметкер Қор есебінен біліктілігін арттыру курстарын аяқтап, діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу бойынша анағұрлым сапалы ағартушылық жұмыстар жүргізу үшін қажетті білімдерін алды, соның ішінде: 25 млн. теңге мемлекеттік гранттың аясында «Дінтанушылар Конгресі» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп жоба жүзеге асырылды, нәтижесінде 90 имам «Нұр-Мүбарак» университетінің жанындағы «Экстремизмнің алдын алу бойынша мамандарды даярлау институтында» және «Әлжан Ана» мешітінің (ҚМДБ) жанындағы Имамдардың білімін жетілдіру және кәсіби қайта даярлау орталығында біліктілігін арттыру курстарында оқып шықты. Мұндай атқарылып жатқан шаралар өте көп. Мен жалпы ауқымды түрде жүйелі жүзеге асырылып жатқандарына тоқталып отырмын. 

- Ал қор құрамынан қажылық компаниясын ашуға қандай мұқтаждық туындады? 

- Негізгі мақсатымыз қайырымдылық қолдау болғанымен, өзіміз де қарап отырмай қосымша қаржы көздерін қарастырсақ деген ниетпен қажылық сапарын ұйымдастырып, түскен пайданы да қайырымдылыққа жұмсауды көздедік. Яғни «WAQYP TRAVEL» компаниясымен қажылыққа барған адам тек мұсылмандық парызын өтеп қана қоймай, біз атқарып жатқан қайырымдылық шараларға үлес қосады деген сөз. Қажылық парызын өтеуші садақа сауабына да қоса ие болады деген сөз. 

- Сіздер жаңадан құрылып жатырсыздар. Ал елдегі осы саланы меңгерген компаниялармен бәсекелесе аласыздар ма? Қандай ерекшелік, артықшылықтарыңыз бар?  

- Иә, орынды сауал. Біз бұл жағын да қарастырдық. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы бізге сенім артып 350 квоталық орын бөліп отыр. Оны біз ҚМДБ жанынан құрылған «Tawaf travel» қажылық компаниясымен бірлесіп атқарамыз. Яғни барлық шаралар бірге, келісімді жүйемен жасалады. Біз биыл алғашқы қажылық сапарды ұйымдастырып жатсақ та, барлық шара негізгі жүйе шеңберінде атқарылады. 

Қажылық сапар Астана, Алматы, Ақтау, Шымкент қалалары арқылы қасиетті Мекке мен Мәдина қалалары орналасқан Сауд Арабиясына тікелей рейспен ұшады. Жоғары сападағы қызмет «Керемет» (4 900 АҚШ доллары) және  «Жайлы» (4400 АҚШ доллары) деген пакет түрлері бар. Әрқайсысы 15 күннен жоспарланған. «Кермет» жолсапарына ниет етушілер Мекке қаласында қонақүй мен әл-Харам мешітінің арасы 800 метр, ал Мәдина қаласында Пайғамбарымыз (с.а.у.) мешітіне дейін 200 метр жерде тиіп тұр. Ал «Жайлы» пакеті бойынша Меккеде қонақүй мен Қағба 1,5 шақырым, ал Мәдина қаласында әл-Харам мешітінен 250 метр жерде орналасқан. Яғни қажыларымызға қасиетті мешіттерге барып, қиналмай құлшылық жасауына атына сай керемет әрі жайлы жағдайда мүмкіндіктер қарастырылған. Одан бөлек екі мезгіл тағам (швед столы), қажыларымызға қазақи үлгіде ұлттық оюларымен арнайы киімдер, ҚМДБ тарапынан арнайы жолсерік жетекшілер, жоғары санаттағы дәрігерлер, тарихи жерлерге зиярат, жол және қол сөмкелер беріледі. Қажылардың еш алаңсыз Алла алдындағы құлшылықтарын өтеуге барлық жағдай жасалып отыр. 

Қажылыққа барам деушілер www.waqyptravel.kz сайты арқылы тапсырыс жасап, тіркеле берулеріне болады. Одан өзге 8(727) 327 40 47 және 8 775 900 45 40, 8 701 519 22 00 телефондары қызмет етеді. Біз де Алла разылығы үшін елге, дінімізге қызметке бар ынта-ықыласымызбен бел буып отырмыз! 

Алла жар болсын. Ал жалпы аталған жобалардан өзге қандай жаңа бастамалар бар. Сондай-ақ «Уақып» қорына үлес қосамын деген адамдарға қандай мүмкіндіктер ұсынар едіңіздер? Өйткені қоғам болған соң түрлі жағдайлармен қайырымдылығын тиісті жерге жеткізе алмай қалатындар болады...

- Биыл ақпан айында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын басқарған делегация Катар Мемлекетіне іссапармен барған еді. Делегация құрамында Қор Президенті Қайрат Айтбай мырза да  болды. Катар мемлекетінің Вакуф және Ислам істері жөніндегі министрі Гайс бен Мубарак Аль-Кауаримен және Катарлық қайырымдылық қордың атқарушы директоры Юсуф бен Ахмед Аль-Кауаримен өткізген кездесулер нәтижелері бойынша «Нұр-Астана» мешітін кеңейту жобасын жүзеге асыру және катарлық тараптың Қазақстанда бірнеше әлеуметтік жобаларды (мектептер мен ауруханалар салу, шалғайда орналасқан елді-мекендерді тұщы сумен қамту, жетім балаларға көмек көрсету және т.б.) қаржыландыру мәселесін қарастыру үшін ынтымақтастықты ретке келтіру туралы келісімге қол жеткізді. Осындай алға қойған ірі мақсаттар мен жобаларды жүзеге асыру үшін біз қордың көп функционалдық сайтын (www.waqyp.kz) құрдық. Онда қордың қызметі толығымен қамтылған, қызметіміздің ашықтығына куәлік ретінде қайырымдылық жарналар онлайн төлем жүйесі арқылы жүзеге асырылады және қордың қаражатын пайдалану туралы ақпараттар толығымен орналастырылған. Қордың www.waqyp.kz сайтында Халық банктің платформасы арқылы, QIWI (кошелек) және QIWI-терминалдары, КЭШ БЭК (Аль Сакр Финанс төлем карточкалары) секілді қайырымдылық көмек көрсетуді жеңілдететін түрлі электрондық құралдары жасалды. Қазіргі кезде онлайн-банкинг арқылы енгізілетін жарналар, сондай-ақ смартфондарға арналған мобильді қосымшалар әзірленуде. 

-  Сұхбатыңызға рахмет! Сіздерге әрдайым Алланың мейірімі мен ел ықыласы нәсіп болсын!

Пікірлер (0)