+7 700 100 12 46
+7 700 100 12 47

Қажылық қоры туралы

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қажылық қоры» (бұдан әрі - Қор) Республика деңгейінде қызмет атқарып, рухани, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және қоғамға пайдалы өзге де мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым.

Қордың құрылтайшысы: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігі (Төраға және ҚМДБ-ның президиум мүшелері) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі №1260-1900-ДБ, Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің 10-маусым 2009 жылы берілген, мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050016, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Маметов көшесі, №1 Б. тел. 8 (727) 397-63-84, БСН 960540000690, СТН 600600020673.

Қор өз қызметінде ҚР Конституциясын, Азаматтық кодексін, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңын және өзге де нормативтік-құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.

Қор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды тұлға болып табылады, өзінің меншігі, дербес балансы, банктік есепшоттары, өз атауы жазылған мөрі және өзге де реквизиттері болады.

Қордың қызметі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүзеге асырылады.

Қор ҚР заңнамасына сай осы типтес ұйымдар үшін көзделген барлық құқықтар мен жеңілдіктерді пайдаланады

Қор Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік тіркелген кезінен бастап заңды тұлға құқығына ие болады.

Қордың Қазақстан Республикасының аумағында өкілдіктер ашуға құқығы бар.

Қор жыл сайын өз мүлкін және қаражаттарын пайдалану туралы есептерін бұқаралық баспа беттеріне жариялайды.

Қордың қызмет мерзімі шектелмеген.

Қордың атауы:
  • қазақ тілінде: «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қажылық қоры». корпоративтік қоры
  • орыс тілінде: Корпоративный фонд «Фонд Хадж Духовного управления Мусульман Казахстана».
  • араб тілінде: «الحج لإدارة الدينية لمسلمى قازاقستان صندوق»
  • ағылшын тілінде: «The Hajj Fund of the religious Administration of Kazakhstan muslims».
Қордың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 050016, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Маметова көшесі, №1 Б тел. 8 (727) 397-63-84.