+7 700 100 12 46
+7 700 100 12 47
28 тамыз, 2018

ҚАЖЫЛЫҚ-2018: ДƏРІГЕРЛЕР ТƏУЛІК БОЙЫ АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

Қазақстан Қажылық миссиясы жанынан құрылған дəрігерлер тобы отандастарымызға тәулік бойы медициналық көмек көрсетіп келеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан бөлінген дəрігерлердің айтуынша, бүгінде Қазақстан қажылары арасында ауыр науқастар жоқ. 

Азаматтардың басым бөлігі жөтел, тамақтың ауырсынуы, тұмау секілді аурудың алғашқы белгілері бойынша шағымданған.

Жерлестерімізге дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, тиісті нұсқаулықтар мен кеңестер беріліп келеді.

Айта кетейік, Мекке мен Мəдина қаласында Қазақстан Қажылық миссиясының медициналық көмек көрсету орталықтары ашылып, аталған орталық отандық дəрі-дəрмектермен қамтамасыз етілген.

Қазақстан қажыларына 20 дəрігер медициналық қызмет көрсетуде.

Пікірлер (0)