+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
24 тамыз, 2018

МИССИЯ ӨКІЛДЕРІ МИНАДАҒЫ ШАТЫРЛАРДЫ АРАЛАДЫ (ФОТО)

Қазақстан Қажылық миссиясының төрағасы Бауыржан қажы Əбдірашұлы бастаған миссия өкілдері Мина жазығында қажылар орналасқан шатырларды аралады.

"Біздің міндетіміз - сіздерге қызмет көрсету. Байқасаңыздар жыл сайын қажылық компанияларының қызмет сапасы артып келеді. Əрине, дұрыс құлшылық жасау үшін дұрыс тамақтанып, демалу керек. Алайда, бұл басты мақсат болып кетпеуі керек. Біз мұнда демалу үшін емес, құлшылық жасап, қажылық парызымызды өтеуге келдік. Жан азығы - барлық нəрседен биік тұруы тиіс. Рухани байып қайтуды көбірек уайымдауымыз қажет. Алла Тағала қажылығымызды қабыл етіп, Отанымызға аман-есен оралуымызды нəсіп еткей!",- деді наиб мүфти Бауыржан Əбдірашұлы.


Өз кезегінде сөз алған Қоғамдық даму министрлігінің өкілі Бақытжан Дүйсебаев мемлекеттік мекеме тарапынан қажылық сапарын ұйымдастыру-үйлестіру шараларына қолдау көрсетіле беретінін жеткізді.
ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мəжиев қажыларға игі ниеті мен тілегін жеткізсе, Шариғат жəне пəтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы уағыз айтты.

Кездесу соңында қажылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.