+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
20 тамыз, 2018

ҚАЖЫЛАР АРАПАТТА ЕЛДІҢ ИГІЛІГІ ҮШІН ДҰҒА ЖАСАУДА (ФОТО)

Бүгін Қазақстан қажылары арапат аймағында жамағат болып еліміздің игілігі мен бірлігі, берекесі мен  жақсылығы үшін дұға жасауда.

Арапатта тұру - қажылық парыздарының бірі. Өйткені, пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сəлемі болсын) бір хадисінде: "Қажылық - арапат", - деген.

Қажылық миссиясының өкілдері отандастарымызға дұға жасаудың əдептерін үйретіп, арапаттың артықшылығы жайлы уағыз айтуда.

Бүгін кешке қажыларымыз Мұздалифа жазығына жолға шығады.