+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
25 маусым, 2020

БИЫЛ НАҚТЫ ҚАЖЫЛЫҚ ЖАСАЙТЫН ҚАЖЫЛАРДЫҢ САНЫ АНЫҚТАЛДЫ

Сауд Арабиясы қажылық және умра министрі Мұхаммед Салехтің айтуынша, биыл Мекке мен Мединаға парыз қажылығын жасау үшін 10 мыңнан астам мұсылмандарды қабылдай алады.

«Биылғы қажылар саны өте шектеулі болады және он мыңнан аспауы керек. Бұл тек ішкі қажылық болады, шетелден келген қажылар қабылданбайды», - деді ол.

Қажылық жасағандардың бәрі коронавирус сынағынан өтіп, қажылық аяқталғаннан кейін 14 күнге карантинге жіберіледі.

Еске салайық, 22 маусымда Қажылық істері министрлігі биыл тек КСА қажылары ғана 28 шілдеден 2 тамызға дейін қажылыққа бара алады деп мәлімдеді.

Дереккөз: asyldin.kz