+7 700 100 12 46
+7 700 100 12 47
15 тамыз, 2018

БАС МҮФТИ АСТАНАДАН АТТАНҒАН ҚАЖЫЛАРҒА АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз астаналық қажыларды ұлы сапарға шығарып салу рәсіміне қатысты. Салтанатты шараға Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Захир бен Мутиш Әл-Энази мырза да қатысып, қазақстандық қажыларға сәт сапар тіледі.
"Қажылықтың өзіне тән қиындықтары мен сынақтары болады. Әуежайдан бастап, елге қайтып келгенше түрлі машақатты бастан өткереміз. Сондықтан әр сынақты сабырмен қабылдап, төзімділік танытуымыз тиіс. Өйткені, сіздер Алланың жолында сапарға ниеттеніп, қажылық өтеуге бел будыңыздар. Алла баршаңызға қабыл болған қажылықты нәсіп еткей. Әмин", - деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.
Өз кезегінде Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Захир бен Мутиш Әл-Энази мырза қажыларға ізгі ниетін жеткізіп, жылы лебізін білдірді.
 
Айта кетейік, бүгін Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан 290 қажы Астана-Жидда бағыты бойынша ұлы сапарға аттанды. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Пікірлер (0)