+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
28 мамыр, 2020

САК-ДЕ КАРАНТИН АЛЫНҒАННАН КЕЙІН МЕШІТТЕР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ?

Сауд Арабиясында карантин кезінде жабылған мешіттер санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып қайта ашылады. Бұл туралы САК билігі жария етті.

Ережеге сай,  Мекке қаласынан басқа барлық мешіттер ашылады деп күтілуде. COVID-19 індетінің тарау қауіпі әлі де сейілмегендіктен, мешітке келушілер намаз уақытына 15 минут қалғанда кіріп, мешіт ішінде 10 минут қана намаз оқи алады. Сонымен қатар, мешіттердің ішіндегі аранйы дәрет алатын орындар уақытша жабық болады.

Жұма намазы кезінде намаздың басталуына 20 минут қалғанда кіруге  рұқсат етіледі. Уағыз бен  жұма намазы 15 минуттан аспай, намаз оқу кезінде адамдар бір-бірінен 2 метр қашықтықта болуы керек.


hajj.kz