+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
19 мамыр, 2020

ҚМДБ: МАҚТААРАЛҒА 400 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖАСАЛДЫ (ФОТО)

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Мақтаарал ауданына жасаған сапарында республикалық ақпарат құралдарына берген сұхбатында «Зекет» қорының ұйымдастыруымен аталған өңірге 400 тоннаға жуық азық-түлік жеткізілгенін мәлімдеді.

«Бүгін Мақтаарал ауданына 30 тонна ұн әкелдік. Ал бұған дейін «Зекет» қорының ұйымдастыруымен, барлық өңірдегі мешіт имамдарының атсалысумен 400 тоннаға жуық гуманитарлық көмек көрсеттік. Қайырымдылық шарамызға үлес қосқан барша азаматтарға айрықша алғыс білдіремін. Алла разы болсын!» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

muftyat.kz