+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
20 тамыз, 2018

ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ДІН ҚАЙРАТКЕРЛЕРІ АРАПАТТА ДҰҒА ЖАСАДЫ (ФОТО)

Бүгін Мекке шаһарының іргесіндегі арапат аймағында Орталық Азияның дін ғұламалары мұсылман үмбетінің игілігі мен бірлігі үшін дұға жасады.

Іс-шараға Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Османхан қажы Алимов пен Тəжікстан, Қырғызстан, Əзірбайжанның дін ғалымдары қатысты.

Қазақстан делегациясын бастап барған наиб мүфти, Қажылық миссиясының төрағасы Бауыржан қажы Əбдірашұлы Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың дұғай сəлемін жеткізді. Бауыржан қажы Есмахан Орталық Азия елдері Діни басқармалары арасындағы əріптестік қарым-қатынас күн санап артып келе жатқанын тілге тиек етті.

Кездесу соңында дін қайраткерлері ортақ мүдде үшін ықпалдасып қызмет ете беруге уағдаластық жасады.