+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
20 тамыз, 2018

«KAZAKHALTYN» корпорациясы кеншілерін қажылыққа аттандырды

Ақмола облысындағы «Бестөбе» алтын кеніші ең байырғы кен орындарының бірі саналады. Жақында корпорация басшылығы алтын кенішінде қажырлы еңбек етіп жүрген он бес кеншіге тегін жолдама берді. Осылайша қарапайым жұмысшылар бір сәтте бақытқа кенеліп, қасиетті Мекке шаһарына аттанып кетті.

Жер астынан табиғат байлығын да қазып, онда еңбек ететін жандарға да ерекше құрметпен қараған «KAZAKHALTYN» корпорациясы басшылығына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.