+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
15 тамыз, 2018

ШЫМКЕНТ: Бірінші наиб мүфти қажыларға сәттілік тіледі (ФОТО)

Шымкент қаласының орталық мешітінде ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфтиі, Түркістан қаласы бойынша кеңсе басшысы Наурызбай Тағанұлы Өтпенов және Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев бір топ қажылыққа ниет етушілермен кездесіп, қажылық ниет қабыл болсын деп, жолдарына сәттілік тіледі.

Наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрғасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің құттықтау сәлемін жеткізіп, ұлы сапарға ниет етушілерге қажылық кезіндегі орындалатын амал-әрекеттерді түсіндіріп, өзінің ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.

Ал Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев қажылықтың тарихы мен мән-маңызына, жауапкершілігіне айрықша тоқталып, діни басқарма тарапынан ашылған «Тауаф» қажылық компаниясының жұмысына табыс тіледі.

Шара аясында ҚМДБ-ның төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы жергілікті «Қазақстан», «Отырар», «Айғақ», «Елнұр», «ТВК» телеарналары мен бірқатар журналисттерге сұқбат берді.