+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
12 тамыз, 2018

АЛМАТЫ: НАИБ МҮФТИ ҚАЖЫЛАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, Қажылық миссиясының төрағасы Бауыржан қажы Әбдірашұлы Алматы Орталық мешітінде бір топ қажылармен жүздесіп, олардың қасиетті де ұлық қажылық сапарына сәттілік тіледі.

Кездесу барысында наиб мүфти кіріп келген қажылық айы - зул-хиджаның қасиеттерінен аз-кем сөз қозғап, осы айда атқарылатын ғибадаттарға шолу жасады. Соның ішінде қажылық сапарына кең тоқталып, сауабы мол құлшылықты Алла разылығы үшін өтеу керектігін баса айтты. Қажыларға қажылықты өтеуге қатысты кеңестерімен бөліскен Бауыржан қажы Әбдірашұлы сапарда кезігетін қиындықтарға сабырлы болуға шақырды.

Наиб мүфти:

«Мұсылман өміріндегі маңызды құлшылық болып саналатын қажылыққа екінің бірі баруға мүмкіндігі бола бермейді. Мұндай құлшылықты тек Алланың берген дәулеті мен кеңшілігі арқасында ғана орындай алмақ.
Құрметті қажылар, сіздер осындай қадамдар арқылы Алланың бергеніне шүкіршілік еткендеріңізді білдіресіздер. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін! Сапарларыңыз оң болсын!», – деп өзінің қажыларға деген ыстық ықыласы мен ақжарма тілегін білдірді.