+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
19 маусым, 2018

Қажылыққа барушы кісіге қатысты әдептер

  1. Кеңесу. Қажылыққа барушы кісі білімді, сенімді діндар кісіден насихат сұрап, ақылдасуы – мустахаб.
  2. Истихара намазын оқуы.
  3. Тастай алмай жүрген күнәлі істерді тастап, Аллаға таза тәубе келтіру.
  4. Біреуге зұлымдық жасаған болса, барып кешірімін алуы. Біреуге қарыздар болса, барып қарызын қайтаруы. Тапсырылған аманаттар болса, иелеріне толық қайтару.
  5. Ата-анасын және жұбайын разы етіп қалдыру.
  6. Қажылыққа қажетті қаражаттың адал жолмен табылуына мән беру.
  7. Қолдан келсе, жол азығы мен мал шалуына жететін, сондай-ақ пақырларға беретін садақаны көтеретіндей жеткілікті қаражат алу.
  8. Сауда кезінде тайталаспау.
  9. Қажылықтың қалай атқарылатынын білу. Үкімдерін білмей атқарылған кез келген құлшылық дұрыстығын жоғалтады. Істен бұрын білімнің маңыздылығын ескеру.
  10. Қасына жақсылыққа ұмтылып, жамандықтан алшақ тұратын серік таңдау.
  11. Ниеттің шынайылығы. Қажылықты тек қана Алла тағаланың разылығы үшін шынайы ықыласпен жасау. Одан басқа, сауда-саттық та, саяхат та қажылыққа барудың негізгі мақсаты болмауы міндетті.
  12. Өзін толығымен ықыласты құлшылыққа арнау. Тыйым салынбаса да, қажылықты аяқтамайынша саудамен мүлде шұғылданбағаны абзал. Өйткені сауда оның ойы мен жүрегін таза ықыластан алдандырады.
  13. Үйден шығарда екі рәкағат сапар намазын оқып, сосын:

اللهم إليك توجهت وبك اعتصمت اللهم اكفني ما أهمني وما لم أهتم به اللهم زودني التقوى واغفر لي ذنبي

«Аллаһумма иләйкә тәуәжжәһту уә бикә иътасамту. Аллаһумма икфини мә әһәммәни уә мә ләм әһтәмму биһи. Аллаһумму зәууидни әт-тәқуә уағфир ли зәнби».

«Аллам, Саған қарай бет алдым және Сенімен қорғанамын. Аллаһым, мені мазалаған нәрсеге, сондай-ақ мен әлі уайымдамаған нәрсеге де қарсы маған жеткілікті болшы. Аллам, мені тақуалықпен қамдандыршы және күнәмді кешірші», – деген дұғаны жасау.

  1. Үйден шығарда:

بسم الله توكلت على الله لا حول و لا قوة إلا بالله

«Бисмилләһи тәуәккәлту аләллаһи, лә хаулә уә лә қууатә иллә билләһ».

«Алланың атымен. Аллаға тәуекел еттім. Алладан басқа күш те, қуат та жоқ», – деп дұға тілеу.

  1. Көлікке (ұшаққа, пойызға, кемеге) мінгенде: «Бисмиллаһи» деп міну. Көлік қозғалғанда:

سبحان الذي سخر لنا هذا وما كنا له مقرنين وإنا إلى ربنا لمنقلبون

«Субханәлләзи саххара ләнә һәзә уә мә куннә ләһу муқринин. Уә иннә илә раббинә ләмунқалибун».

«Мынаны бізге бағындырған Алла кемшілік сипаттардан пәк! Біз бұған жақындай алмайтынбыз. Сондай-ақ Оған ораламыз», – дейді. Сосын үш мәрте: «Әл-хамду лилләһи» және үш мәрте «Аллаһу әкбар», – деп айтып:

"سبحانك اللهم إني ظلمت نفسي فاغفر لي فإنه لا يغفر الذنوب إلا أنت"

«Субханәкә Аллаһумма инни заләмту нәфси, фағфир ли фә-иннәһу лә йағфируз-зунубә иллә әнтә».

«Сен пәксің, Аллам, расында, мен өзіме әділетсіздік жасадым. Мені кешіре гөрші. Расында, күнәларды Сенен басқа ешкім кешірмейді», – дейді.

  1. Жолда кездесетін ермек түрлерінен, ойын-күлкілерден өзін-өзі тежеп, төзімділік таныту.
  2. Адамдарға жылы сөз сөйлеп, көркем мінез көрсетуі
  3. Биікке көтерілгенде «Аллаһу әкбар» деп тәкбір айту және төмен түскенде «Субханаллаһ» деп таспих айту.
  4. Қауіп төнгенде Аллаға жалбарыну.