+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
12 маусым, 2018

Қажылық кезінде әйелдерге қатысты кейбір жеке мәселелер

Қажылық пен ұмра орындау барысында әйел мен ер кісінің айырмашылығы жоқ. Тек әйелдер ер кісілерге арналған ихрам кимейді.

Көйлек, бас орамал, шұлық, аяқ киім сияқты күнделікті киімдерімен жүреді. Тек беттерін жаппайды.

Сосын ер кісілер сияқты тәлбие, тәкбир, тәһлил, салауат, дұға оқығанда дауыс көтермейді. Тауаф жасағанда да тез, әрі аттап жүріп «рәмәл» жасамайды, сағыда да жасыл тіректер арасында жүгіргендей адымдарымен «Хәурәлә» жасалмайды.

Адам көп болатын жерлерге, мүмкін болғанша, ерлердің арасына кірмеуге тырысады. Әсіресе намаз оқығанда, ерлер қатарында тұрмай, әйелдерге тиесілі жерде намазын оқиды. Етеккірі болып ихрамға кірген немесе ихрамға кірген соң етеккір көре бастаған әйелдер тауафтан басқа қажылықтың бүкіл шарттарын орындай алады. Харам-ы Шәрифке кіре алмайды. Етеккірі болып, ихрамға кірген және ихрамға кірген соң етеккірі тоқтамай Арафатқа шығуына тура келген әйелдер о бастан ихрамға кірер кезде «Ифрат» қажылығына ниет етулері керек.