+ 7 (7172) 999 387
hajj@muftyat.kz
19 маусым, 2018

Дұға қабыл болатын уақыттар мен орындар

  1. Түннің соңғы үштен бірінде.
  2. Парыз намаздарынан кейін.
  3. Азан мен қаматтың арасында.
  4. Азан айтылған кезде.
  5. Жаңбыр жауған кезде.
  6. Жұма күнінің соңғы сағатында.
  7. Зәмзәм суын ішкенде.
  8. Сәждеде.
  9. Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасы.
  10. Арафат күні жасалған дұға.
  11. Алланы еске алуға жиналған мұсылмандардың жиынында оқылған дұға.
  12. Ата-ананың балаларына және балаларының ата-анасы үшін жасаған дұғасы.
  13. Жолаушының дұғасы.
  14. Ізгі ұрпақтың ата-анасы үшін жасаған дұғасы.
  15. Дәрет алғаннан кейінгі Пайғамбарымыздың (с.а.у.) айтқан дұғаларының бірі.
  16. Минадағы кіші және ортаңғы жамараттарда лас лақтырғаннан кейін жасалған дұғалар.
  17. Қағбаның ішінде немесе жанында жасалған дұға. Хижр бұрышы Қағбаның бір шеті болғандықтан Оның іші де Қағбаның іші болып саналады. Сондықтан Хижрдың ішінде дұға жасаған адам Қағбаның ішінде дұға жасаған болып саналады.
  18. Сафа мен Маруада оқылған дұға.
  19. Муздалифада оқылған дұға.