+7 700 100 12 46
+7 700 100 12 47
19 маусым, 2018

Дұғаның әдептері

  1. Дұғаны ықыласпен оқу.
  2. Алладан басқа ешкімнен сұрамау.
  3. Дұғаны Аллаға мадақ және шүкіршілік, сондай-ақ Пайғамбарымызға (с.а.у.) салауат пен сәлем айтумен бастау және солай аяқтау.
  4. Дұға жасаған кезде Алла дұғаны қабыл алатынына және сұрағанын беретініне кәміл сенімді болу.
  5. Дұға тілеуден жалықпау және дұғаның қабыл болуына асықпау.
  6. Дұғаның тіл мен жүректен шығуы.
  7. Дұғаны қиын-қыстау кезде ғана емес, кеңшілік кезде де оқу.
  8. Өзіне, мал-мүлкіне, туған-туысқандарына және бала-шағасына қарсы дұға жасамау.
  9. Дұғаны іштей тілеген абзал.
  10. Істеген күнәларын мойындап, ол күнәлары үшін кешірім сұрау және Алланың нығметтері үшін алғыс айту.
  11. Дұға оқығанда қорқыныш пен үміт арасында болу.
  12. Дұға оқығанда істеген күнәлары үшін шынайы өкініп тәубе ету және оны қайталамауға уәде беру.
  13. Біреуге жасағысы келген зұлымдығынан тыйылып, тәубе ету.
  14. Дұғаны үш реттен қайталап айту.
  15. Мүмкіндік болса құбылаға қарау.
  16. Дұға оқыған кезде екі қолды көтеріп, алақанды жайып ұстау.
  17. Дұға оқығанда дәретті болу.
  18. Аллаға қатысты әдеп сақтап жасау.
  19. Алдымен өзіне, одан кейін басқаларға дұға жасау.
  20. Дұғаны Алланың есім-сипаттарын ара салып айту.
  21. Киген киімі, ішкен тамағы және тапқан табыстары адал болу.
  22. Дұға оқушы адам жақсылыққа шақырушы, жамандықтан тыюшылардан болып, күнә істерден алшақ болғаны жөн.
Пікірлер (0)